ХЕЛПЭГС жасыл шəйдің сығындысы бар
Тағамға биологиялық белсенді қоспа, дәрілік зат емес
Құрамында жоғары молекулалы полиэтиленгликоль бар, ол ұзақ уақыт қолданғанда қауіпсіз және тиімді әсер көрсетеді (тәуелділікті тудырмайды).
ХЕЛПЭГС суды барынша сіңіріп алып, ішек қурамындағылардың көлемін ұлғайтады, олардың консистенциясын жұмсартады, бірақ ол сіңбейді, зат алмасуына қатыспайды. Ішті жүргізетін әсері алғашқы қабылдаудан кейін 24-48 сағатта басталады, әрі қарай үлкен дәрет қалыпты болады.
ХЕЛПЭГС:
• тәуелділікті тудырмайды
• ішек микрофлорасына әсер етпейді
• майда еритін А, К, Е витаминдері мен пайдалы минералдарын ағзадан шығарып тастамайды
астворимые витамины А,К,Е
Жасыл шәйдің сығындысы бар ХЕЛПЭГС құрамында қанты жоқ.
Жасыл шәйдің құрамында (В, С, Р, РР, К және басқалары), микроэлементтер, амин қышқылдары, эфир майлары бар, бактерияға, қабынуға қарсы әсерді және уларды ыдырататын әсерді көрсетеді. Қан тамырларының функцияларын қалыпты жағдайда ұстап тұрады, қан қысымын төмендетеді.
Бір дозадағы құрамы (1 шай қасық): препарат құрамында 5,0 г полиэтиленгликоль, жасыл шәйдің құрғақ сығындысы 0,04 г, тәттілендіргіштер (аспартам, сахарин) 0,0035 г.
Құрамында тәттілендіргіш бар. Шамадан тыс тұтыну іш жүргізу әсерін көрсетуі мүмкін.
100 г-да тағамдық құндылығы: энергетикалық құндылығы – 1676 кДж/400,6 ккал, майлар – 0,35 г, ақуыздар - 0,47 г, көмірсулар – 98,90 г.
10 г-да тағамдық құндылығы: энергетикалық құндылығы – 83,7 кДж/20,0 ккал, майлар – 0,06 г, ақуыздар – 0,05 г, көмірсулар – 9,89 г.
Қолданылу саласы: іш жүргізу әсері бар және жасыл шай антиоксиданттары мен катехиндерді қамтитын тамаққа биологиялық белсенді қоспа ретінде.
Қолдану бойынша ұсыныстар: ішек құрамындағыларды сыртқа жеңіл шығарады мынадай кездерде:
- тамақтану рационының тепе-теңсіздігінде, әсіресе, құрамында өсімдік талшықтары жеткіліксіз болатын өңделген тағамдармен қоректенуде;
- қозғалысы аз тіршілік ету образы кезінде, оның әсері кіші жамбаста іш қатуларының болуын тудырады және ішек құрамындағыларды сыртқа шығаруды тежейді;
- эмоциялық ауыртпалықтарда;
- ішті айдайтын дәрілік заттарды шамадан тыс қолданғанда;
- жас ұлғайған кездегі ішек тонусының болмауында.